Переключение языков

Поиск (казахский)

Кнопка регистрация вверху (KZ)

Меню с девушками (каз)

Слайдер на доход (KZ)

Breadcrumbs

Жұмыс – Фаберлик Кеңесшісі

Фаберлик кеңесшісі, ол кім? Және ол немен айналысады? Каталог бойынша өзі косметиканы сататын сұлулық жөніндегі кеңесшіні, және Фаберликте тіркелген адамдармен бірге (компанияда жеңілдіктері бар адамдармен) жұмыс істетйтіндерді ажыратады. Бұл мақалада мен екінші кеңесшінің кәсіби жұмысы қалай жасалатындығын толық сипаттап беремін.

Сонымен, адам Фаберлик-те тіркелгеннен кейін және кеңесші болу туралы шешім қабылдағаннан кейін, ол барлық дисконт алуды қалайтындарға тіркеу үшін компанияға өзінің сілтемесін береді. Осылайша оның өзінің пайдаланушылар қоры пайда болады. Оны жеке топ деп атайық. Барлық осы адамдарды оның жеке инттернет-кабинетінде көруге болады.

Сіз, кеңесші ретінде Фаберлик-тен осы адамдардың сатып алуынан пайыз аласыз. Сіздің сатып алушыларыңыз неғұрлым көбірек тапсырыс жасаса, сіздің пайызыңыз да жоғарырақ болады. Ал адамдар тапсырысты өнімге, қызмет көрсетуге, тосын сыйлар мен т.б. разы болған жағдайда көбірек жасайды. Кеңесшінің жұмысы осындай.

 Дайындық кезеңі. Картотека

 Біз өзімізге тартқан адамдар үшін жауаптымыз. Осы мәтел біздің жұмысымыздың қағидатын өте жақсы сипаттайды. Сонымен, кеңесшінің жұмысы – компаниядағы оқиғалардан хабардар болу, каталог кезеңі ішінде бір рет топқа қоңырау шалу (түрлі акциялар туралы хабарлау және тұтынушылық себетті толтыру), олардың бағдарламаларға қатысуына бақылау жүргізу.

Ыңғайлы және сапалы жұмыс істеу үшін картотека ресімдеу керек. «Жеке топ» картотекасы – бұл барлық сіздің клиенттеріңіз туралы деректер. Сізде тіркелген әр адамға «жеке іске» ұқсайтын парақша ресімдеу керек, онда ол туралы барлық ақпарат көрсетіледі.

 Бастапқы ақпараттың толық тізімі:

  1. ТАӘ;
  2. Осы кеңесшінің тіркеу нөмірі;
  3. Туған кезі;
  4. Тіркеу күні;
  5. Телефондар;
  6. Электрондық пошта;
  7. Қызмет көрсету қоймасы;
  8. Әлеуметтік парақшалар (vk, одноклассники және т.б.), сіздің өз аккаунтыңыз бар жерлер;
  9. Мекенжай;
  10. Фотосурет (әлеум.желіден алуға болады);
  11. Тәлімгердің ТАӘ;
  12. Фаберлик тәлімгерінің тіркеу нөмірі;
  13. Сізге дейінгі барлық тәлімгерлердің байланыс деректерігер сіздің жеке клиентіңіз болмаса);
  14. Осы адамды тартудың әдісі;
  15. Пайдалы ақпарат, Фаберлик-ке қандай мақсатпен келді (нені байқап көрді, нені жақсы көреді, біледі және т.б.).

 Сіз жаңадан келген кеңесшіні тіркеген кезде бағдарлама сізге бірден Тіркеу картасын ұсынады. Онда керек ақпараттың көп бөлігі көрсетіліп қойылған. Оны жай ғана басып шығарыңыз. Егер сіз картаны кейінірек ресімдесеңіз, басқа әдісті пайдаланыңыз. Сіздің Фаберлик-тегі жеке кабинетіңізге кіріңіз, «Менің құрылымым» деген бөлімді басыңыз, жеке топтың құрамында керек адамды табыңыз. ТАӘ жолына қарсы «жеке деректер» деген түймешік бар. Оны басып, барлық ақпаратты пайда болған терезеге көшіріңіз. Осы мәтінді Word парағына қойыңыз және файлды басып шығарыңыз.

Енді осы парақта бастапқы ақпарат астында сызық сыза аласыз. Төменде осы пайдаланушымен сіздің жұмысыңыздың жазбалары жүретін болады. Сіз осы адамға әр кез хабарласқан кезде бұл туралы қысқаша жазыңыз. Каталогта (3 аптада) 1 рет қоңырау шалған жөн. Мұны жиі істеуге сіз қандай да бір бағдарламаның орындалуын бақылаған кезде жол беріледі.

 Тіркеу картасында не туралы жазу керек:

  1. Күні;
  2. Байланыс әдісі (қоңырау шалу, смс, әлеум.желі);
  3. Сіз клиентке не айттыңыз;
  4. Ол сізге не жауап бердіңіз.

 registrazionna karta

Клиенттің тапсырыс жасауына арқау болған ақпаратты түс белгілегішпен белгілеп қойыңыз. Қоңырау шалудың алдында сіз бұрынырақ не айтқаныңызды және адамға не қызықты екенін қарап шығыңыз.

Картотеканы әдеттегі әдіспен (қағазға жазу), сондай-ақ электрондық түрде жүргізуге болады. Сізге қалай ыңғайлы болатындай. Мен бірінші нұсқаны қалаймын (файлдар бар әдемі папканы пайдаланамын).

 Фаберлик кеңесшінің өз тобымен кәсіби жұмыс істеуі

Енді барлық тіркелген адамдарды 4 санатқа бөлуге болады. Оларға не айту және қалай жұмыс істеу керек екендігі осыған байланысты болады.

Қолдаушылар бұл өнімдерді әр каталог сайын 3 реттен артық қатар алып келетіндер – оларға жаңалықтар ерекшеліктері туралы әңгімелеу, олардың қандай өнімдерінің бітіп қалғандығын есіне салу керек. Бастысы – сатып алулар түрлерін кеңейту. Мысалы, егер әйел тек декоративтік косметиканы алатын болса, оған тұрмыстық химияның ғажайып-өнімдерін жарнамалау және т.б. Және өсу бағдарламаларын міндетті түрде толық түсіндіру керек.

Клиенттер бұл мерзімді түрде өнімдер сатып алатын, алайда оларды 3 реттен артық жасайтындар – олар үшін бәрінен де көңіл аудару маңызды болады. Қазір, супермаркеттер мен заманауи гаджеттер дәуірінде адамзат сенсорлық ашаршылықты бастан өткізуде. Сондықтан да көпшілік нақты кеңесшімен тілдесуге болатын бізден өнімдер сатып алуды ұнатады. Осындай клиенттерге назар аударыңыз, бұл жерде тек Фаберлик бойынша ғана әңгімелесу емес, сіздің клиентіңіз өз сырымен бөліссе, қарым-қатынастар орнатуға болады. Клиенттер мен қолдаушыларды Туған күнімен құттықтау керек. Клиент тек қана декор алатын мысалға қайтайық. Әңгімелеуден гөрі, плиталар мен духовкаларды тазалауға арналған құралдың сынамасын сыйлаған дұрыс (мысалы). Егер презент жасауға мүмкіндік болмаса, онда үйге арналған косметика туралы бейнежазбаны жіберіңіз.

Сатып алушылар бұл 1 немесе 2 рет тапсырыс жасағандар – олармен қатаң түрде клиенттер картасы бойынша жұмыс істеу керек. Парақтан осы сатып алушыға не қызықты екендігін және оны сатып алу жасауға қалай қызықтыруға болатындығын қараңыз. Оның не алғандығын немесе, оның акция бойынша неге қызыққанын талдап қараңыз. Оған бұл туралы әңгімелеңіз.

Келушілер бұл Фаберлик-те тіркелгендер, бірақ ешқашан тапсырыс жасамағандаржаңа келушілерге арналған сыйлық туралы хабарлаңыз. Келушіні сатып алуға ынталандырудың ең жақсы жолы – оған өнімдерді тестілеуге мүмкіндік беру. Мұны бет, қолға күтім жасау бойынша шеберлік сағатында жасауға болады. Бастысы, одан кейін келуші бірден әсерін көріп, сезінуі. Ақыр аяғында, бейнелермен презентациялау (өнімді емес, эмоцияны жарнамалау) жұмыс істейді. Бізде тек тамаша крем бар екені туралы ғана емес, одан кейін терінің тегіс, жібектей, керемет болатындығы туралы айтыңыз. Және осы кремді пайдаланудың нәтижесі ретінде қоршаған адамдардың сіздің сұлулығыңыз туралы қошемет айтулары дәлел болатындығын жеткізіңіз.

 kategorii kartoteki

Топпен жұмыс істеудің алдында өзіңіздің жеке интернет-кабинетіңізге кіріңіз және белсенді емес кеңесшілермен «Ағымдағы көрсеткіштер» есебі мен сізге жұмыс барысында қажет болатын басқа да есептерді (старттық бағдарлама, Faberlic-клуб, ЖК төленген және төленбеген баллдары және т.б.) ашыңыз. Қоңырау шалудың алдында қараңыз: бұл бикеш қандай да бір бағдарламаға қатысады ма, оның сыйлықтары бар ма, мүмкін ол жақында кетіп қалатын шығар.

Топқа мен жоғарыда жазғандай кезектілікте, қоңырау шалу керек.

Егер сізге қандай да бір бағдарламаға қатысатыныңыз туралы айтса, онда мұны өзіңіздің блокнотыңызға каталогтағы соңғы жұмыс күніңізге жазып қойыңыз. Содан кейін кампания соңында тексеріңіз: бұл адам тапсырыс жасады ма. Егер ол ұмытып қалса, оған бұл туралы есіне салыңыз, өйткені акцияға қатысу оның тілегі емес пе еді.

Әрине, осы ынтаның идеясы – бүкіл сіздің тобыңызды қолдаушылар санатына көшіру. Алайда, бұл өте күрделі міндет, сондықтан бұған ойланудың қажеті жоқ, тек осы жұмысты тұрақты әрі сапалы істеу керек. Дегенмен, барлығы сіздің қолыңызда. Мүмкін, дәл сіз жеке тобының 100% белсенділігі бар кеңесші болатын шығарсыз.

Сіздің жұмысыңызды мақсаты – сіздің құрылымыңыздағы әр адам үшін пайдалы және жағымды бір нәрсе жасау. Нәтижесі тұрақты табыс, бірқалыпты жұмыс. Және де әрдайым жаңа адамдар іздеп, мазасыз күйде жүгірудің қажеті жоқ.

Бұл жұмыс 1 күнді ғана алады, есесіне топ бойынша 30%-дан 50%-ға дейін белсенділік береді.

 Өзіңіз көріп отырғандай, кәсіпқой болу қиын емес.

Фаберлик кеңесшісі болып дәл қазір жұмыс істей бастаңыз!

Social buttons

Регистрация внизу страницы (KZ)

Регистрация

Всплывающая регистрация (KZ)

register ver ru