Сұлу келбет иесінің өзіне де, оны қоршаған адамдарға да ғажап әсер етеді. Сіздерге өз өмірімнен бір мысалды келтірейін. Мен бір жаққа жолға жиналған кезде, әрдайым жақсы макияж жасаймын (кешкі деуге де болады). Яғни, мен өзімді сұлу бикешке айналдырамын. Және де мұның сиқырлы әсері бар. Айнадағы әдемі бейнең өзіңе деген сенімділік ұялатады – бұл, әрине, жақсы. Бірақ сұлулықтың айналаңдағы адамдарға қалай ықпал ететіні – тіпті керемет.
Маған ер адамдар, жұмыс орындарында болған кезінде әрдайым қошемет білдіріп жатады. Кейде кеден бөлімінде күлімсіреп, артық сұрақтарсыз жылдам қызмет көрсетеді, ешқашан сөмкелерді тексермейді, немесе алыс жолға шыққан кезде машинадағы ең ыңғайлы орынды береді, бағасын түсіріп жатады және бірден менің шарттарыма көне кетеді, және өзге де жағымды сәттер жетерлік болады. Мені ең таңғалдырған бір жағдай – мені қызметі бойынша ондай істеуге болмайтын және олардан мұны ешкім күтпеген шекарашылар жолда қалаған жеріме жеткізіп салғаны. Қызығы сол, менімен бірге алыс жолды жаяу жүріп келе жатқан менің жолсерігімді олар өзімен бірге алмады.
Мен қылымсырамаймын, өзімді қандай да бір қиқарланып ұстамаймын, ешнәрсеге уәде бермеймін, және де бұл адамдармен кейіннен ешнәрсе және ешқандай жалғасу жоқ. Жай ғана әдемі келбет (макияж) болса болғаны, адамдардың да көзқарасы бірден өзгереді.
Мен, айта кету керек, көптеген әйелдердің жолға (басқа қала, саяхаттауға) шыққанда, керісінше декоративтік косметиканы пайдаланбайтынын байқадым. Ал мен әрдайым былай ойлаймын: бөтен жер мен бөтен адамдар – алдын ала ойланып, «сақтандырылып», әдемі келбет түріндегі «қордағы көзірің» болғаны дұрыс. Және, сол сәтте, рация бойынша «бұдан ары адамдарды өткізбеңіз» деп айтқан кезде, мен болсам, өтіп кетемін, ал менің артымнан есік жабылып жатады (бұл менің өмірімнен алынған мысал:)).
Сұлулық – шынымен ұлы кұш, және оны пайдалану керек. Қоршаған адамдарға да жағымды эмоциялар сыйлау – мейірімді іс. Сізге безеулер, қызыл дақтар, көздің астында көгерген дақтар, әжімдер, қуқыл көздері бар беттерге қараған ба, әлде өзіңіз бен басқаларды күтілген және әдемі көрген жағымды ма?
Беттің декоративтік косметикасыз да әрдайым әдемі болып қала беруі үшін теріге күтімді қалай жасау керек екендігі туралы мына мақалада жазылған: http://faberlic-on-line.com/kz/s-luly/44-demi-bet-piyalary. Ал қазір макияж туралы әңгімелесейік.
Лезде сұлулық жасаймыз
Лезде түрлену небәрі 15 минут уақытыңызды алады (қолыңыз үйренген кезде). Сонымен, не істеу керек және сізге косметикадан не қажет болатындығы туралы ретімен айтайық:
- Мінсіз тегіс беттік дайындаймыз. Бүкіл бетке BLUR-крем (артикул 1032) жағамыз.
- 30 жастан асқан және көзінің астында мимикалық әжімдері ертерек пайда болған бикештерге қабаққа арналған көрінбейтін консилер (арт. 1037)жағамыз.
- Енді тегістейтін әсері бар бетке арналған СС түзеткішін (арт. 6277) жағамыз. Бастысы, түзеткіш рең беретін кремнен 1-2 реңге ашық болуы тиіс. Онымен мұрынның бүйірлі бұрыштарындағы және қызаруды, кез келген безеулерді және бар болса, беттегі қызарған жерлерді, және ең бастысы – көздің астындағы дақтарды жасырамыз (қара түсті домалақ дақтарды жоямыз). Спонждың көмегімен жайып жағамыз.
- «Жастық құпиясы» жасартатын әсері бар рең беретін крем-сарысу (артикул 6309). Күнге күйген және қою түсті тері үшін - артикул 6310. Бүкіл бетке, соның ішінде көздің терісіне де (кейіннен далап жағылатын жерге) жағамыз. Рең беретін крем аяқталған жерде ауысқан жерлері көрінбеуі үшін шекараларын аздап құлаққа қарай, міндетті түрде иекке және мойынға ауысатын жерлерге жайып жағамыз, Егер тері майлы болса, «Қосарлы стиль» (арт. 6308) тығыз текстуралы рең беретін кремді пайдалануды ұсынамын.
- Үлкен жаққышпен жоғарыдан төменге қарай «Жұлдызды шығыс» бетке арналған опамен (арт. 6314) бекітеміз. Опаның түсі рең беретін кремнің түсінен 1 түске ашық болуы тиіс.
- Көздің макияжына ауысайық. Сыртқы бұрышынан көз қарашығының басына дейін ішкі сызықтарды жоғары жағынан, сондай-ақ төмен жағынан да көзге арналған «Ультрамодерн», түсі түнгі соната (арт.5435) кайалымен сызып өтеміз. Сол кайалмен сыртқы сызықтарды, ұзындығы бойынша, көз аяқталатын жерден сәл артығырақ жүргізіп өтеміз. Маңызды! Егер сіздің көздеріңіздің бұрыштары өздігінен төменге түскен болса, сызық жоғары қарай кетуі тиіс.
- «Тамаша көз тастау» қабаққа арналған пісірілген далапты (арт. 5619) пайдаланамыз. Ең қара түсін салынған сыртқы сызықтардың үстінен, сондай-ақ сыртқы қабақтың көздің қарашығы аяқталатын жерден бастап, қатпардан сәл жоғары жағамыз. Үшбұрыш шығады.
- Далаптың орташа реңін қабаққа, көздің қарашығына бастап қара үшбұрышқа дейін, қара далап деңгейінде қатпардан сәл жоғары жағамыз. Орташа және қою түсті реңдер арасындағы шекараны жайып жағамыз. Көздің төменгі жағынан сондай-ақ қарашықтың ені бойына соңында баяу ауысу жасай отырып, далаптың орташа реңін жағамыз.
- Далаптың ақ түсімен қабақтың қалған жерін толтырамыз. Маңызды! Ақ түсті далапты көздің ішкі бұрыштарына жағамыз. Сондай-ақ оларды самайға да аздап жағамыз. Көздің ішкі бұрышынан төменгі сызықты орташа реңмен біріктіреміз.
- Кірпікті «Сіздің Оскарыңыз» супер-көлемді тушьпен (арт. 5598) келесідей әдіспен бояймыз: алдымен жоғарғы оң жақ кірпіктерді, содан кейін жоғарғы сол жақ кірпіктерді, соңынан төменгі оң жақ кірпіктерді, төменгі сол жақ кірпіктерді бояймыз. Енді тек кірпіктердің жартысын – көздің сыртқы бұрышын өңдейміз: тушьтің жаққышын аламыз да, оны тура оның ұзындығына, төменгі кірпікке тағы бір қабат тушь жағамыз.
- Жақтарға бронзант (арт. 6395) жағамыз. Оны біз тағы бетті пішінін түзеу үшін пайдаланамыз. Көзден жасырғымыз келетін жерлерге жеңіл қимылдармен жағамыз. Мысалы, егер мұрын ұзын болса – мұрынның ұшына, егер мұрын кең болса – жан-жағына. Егер беттің пішіні сопақ болмаса, оны сондай ете аламыз. Ол үшін жоғары және төменгі қырлы жерлерін аздаған мөлшерде бронзант қосылған жалпақ жаққышпен жағып өтеміз.
- Ерін. «Жұлдызды автограф» ерінге арналған түссіз қарындашпен (арт. 43087) еріннің контурын сызамыз, ешбір жағдайда беттің терісіне шықпаймыз.
- Ерінді «Овация» жартылай күңгірт ерін далабымен (арт. 43036) бояймыз. Ашық түсті реңдерді таңдаңыз. Ерін далабын қарындаштың үстінен де, ерін контурына да жағамыз. Осылайша, бізде берілген ерін реңінен тамаша үйлесетін ерін контурының реңі шығады. Бірнеше минуттан кейін қағаз майлықты аламыз да, оны еріндер арасына саламыз және басамыз. Екінші қабат далап жағамыз. Еріннің ортасына ашықтау түсті далап жағамыз. Бір минуттан кейін қайтадан майлықпен басу керек.
Болды! Сұлу бикеш дайын. Әр кез сізге макияжды жасау тездете бола бастайды.
Әр күнге сұлулық
Әрдайым сұлу болып жүру керек. Сіз тек күні бойы жалғыз қалған кезіңізде декоративтің косметика туралы ұмытуға болады. Кез келген басқа жағдайда сіз төменде сипатталатын жоқ дегенде осы 4 әрекетті жасауға әдеттенесіз. Небәрі 5 минут уақыт алады, есесіне сіз күні бойы әдемі болып қала бересіз. Әсіресе, тұтас бір күнін үйінде балалары және күйеумен бірге өткізетін әйелдердің назарын аударғым келеді. Бәрібір әдемі болу керек, әсіресе күйеуің үшін.
Макияжсыз макияж:
- Бүкіл бетке, қабақты қоса алғанда, рең беретін кремді жағуға арналған спонжбен (арт. 9028) көп қызметті ВВ-кремді (арт. 0246) жағамыз. Мұның қандай ғажап өнім және біз мұны не үшін істейтініміз туралы толығырақ мына мақалада жазылған http://faberlic-on-line.com/kz/onim/107-bb-krem-xxi-asyr-nertabysy. ВВ-кремнің баламасы болып #Feelfresh рең беретін кремі (арт. 6128) – жастар үшін, барлық тері түрлері үшін СС крем (арт. 0811) – 30 жастан асқан қыздар үшін, «Мінсіз күндізгі күтім» DD кремі (арт. 0745) – 40 жастан асқан әйелдер үшін.
- «Ультрамодерн», түсі – түнгі соната, көзге арналған кайалдың (арт. 5435) көмегімен сыртқы сызықтарды сызамыз. Қарашықтың аяғынан бастап жіңішке жоғарғы және төменгі сызықты сызамыз.
- Кірпіктерді «Сіздің Оскарыңыз» супер-көлемді тушьпен (арт. 5598) 1 қабат етіп бояймыз, және 1 қосымша сермеуді жоғарғы кірпіктер мен көздің сыртқы бұрышына жағамыз.
- Аяқтаушы кезеңде жақтарға көшеміз. Жағыңызды ішке тартыңыз, сол кезде сіз бронзантты (арт. 6395) жағатын сызықты көресіз.
Бұл өте оңай әрі жылдам іс-қимылдар. Алайда нәтижесі бірден көрінеді және айналадығылардың жауабы көп күттірмейді.
Әр әйел әдемі, бастысы - өзіңнің сұлулығыңды көрсете білуді ұмытпау.
Әлемге сұлулықты Фаберликпен бірге сыйлаңыз!
Сіз үшін сыйлық – барлық осы өнімдерді 20% жеңілдікпен ала аласыз. Ол үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз және нұсқауды орындаңыз
https://faberlic.com/register?sponsornumber=20088207&lang=kz&r=1000034185653
Светлана Нехай